Нью-Йоркте ғимарат құлап, 2 адам қаза тапты
Нью-Йорктің Бруклин ауданында үш қабатты ғимарат құлап, 2 адам қаза тапты. 17 адам жараланған. Олардың жетеуі – бала. Зардап шеккен төрт адамның жағдайы ауыр. Құлаған ғимарат құрылыс алаңында орналасқан. Апат болған сәтте оқиға орнында қазба жұмыстары жүріп жатқан. Үйінді астында адамдар қалып қоюы мүмкін. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, кинологтар мен дрондар тартылған.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04