Орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа таяды
Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетті. 2021 жылдан бері бұл көрсеткіш 5,6 жылға өссе, жалпы өлім-жітім 9,2 пайызға төмендеген. Денсаулық сақтау министрлігі мұны аурудың алдын алу, ерте диагностика және медициналық көмектің қолжетімділігімен байланыстырады. Соңғы жеті жылда 1259 медициналық нысан салынып, 200-ден астам ауыл алғаш рет медициналық мекемеге қол жеткізді. Ал медицина саласын қаржыландыру 2019 жылғы 1 триллионнан биыл 3,4 триллион теңгеге дейін артқан. Бұл қаражат диагностика мен емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге, оның ішінде заманауи медициналық технологияларды енгізуге бағытталған.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04