Қазақстан зейнетақы жүйесі АҚШ, Қытай, Жапониядан жоғары нәтиже көрсетті
Қазақстанның зейнетақы жүйесі әлемдік рейтингте 55 елдің ішінде 29-орынға тұрақтап, АҚШ, Қытай, Жапония, Италия және Оңтүстік Кореядан жоғары нәтиже көрсетті. Marsh және CFA Institute жариялаған ақпаратқа сәйкес, еліміздің зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығы жоғары бағаланған. Ал жүйенің сенімділігі мен басқару сапасы A бағасымен бағаланып, Қазақстан 19-орынға жайғасты. Сарапшылар міндетті жинақтаушы жарналарды, жұмыс берушілердің аударымдарын және салымшылардың құқықтарын қорғау тетіктерін оң бағалаған. Дегенмен нәтижені жақсарту үшін табысы төмен қарттарды қолдау, халықтың жинағын ынталандыру және болашақ зейнетақы мөлшерін алдын ала болжау мүмкіндігін кеңейту ұсынылды.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04