Қазақстанда америкалық авиация университеті ашылуы мүмкін
Қазақстанда америкалық Kent State университетінің филиалы ашылуы мүмкін. Бұл бастама елде авиация саласына қажетті білікті кадрлар даярлауға жол ашады. Премьер-министр орынбасары – Көлік министрі Асел Жанасова университет өкілдерімен кездесіп, өзара ынтымақтастық мәселесін талқылады. Жаңа білім беру орталығында ұшқыштар, авиациялық инженерлер мен әуе қозғалысын басқару диспетчерлері оқытылады. Оқу бағдарламалары тек Қазақстанның ішкі сұранысын ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдерінің кадр қажеттілігін қамтуға бағытталмақ. Бұл бастама Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі әлеуетін арттыруға және халықаралық білім стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04