Бенгази жағалауында ресейлік әскери кемеге шабуыл жасалды
Шығыс Ливия үкіметі елдің Бенгази қаласы маңындағы портта ресейлік әскери кемеде жарылыс болғанын растады. «Меркурий» корветінің толық жойылуына дрондық соққы себеп болса керек. Дегенмен, ресми Мәскеу оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Шабуылдан бірнеше адам жараланды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, кеме Ливия жағалауына жанармай құю үшін аялдаған. Оның қирауына байланысты ешкім жауапкершілік алған жоқ. Дәл осы сәтте Фин бұғазында Ресейдің «Спарта-2» кемесі де ұшқышсыз аппараттардың соққысынан отқа оранды.
Айта кетсек, 2022 жылы соғыс басталғалы Украина Ресейдің кемелері мен флот нысандарын жою үшін теңіз дрондарын қайта-қайта қолданып келеді.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04