Бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады
Бүгін бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Кей жерлерде көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 29 метрге дейін жетеді. Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жауын жауып, қатты жел соғады. Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында нөсер жауады деп болжанып отыр. Солтүстік және орталық өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, жол көктайғақ болады. Батыс пен оңтүстік аймақтардың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Астанада тұман түсіп, түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Синоптиктер жүргізушілерге жолда барынша сақ болуды, жылдамдықты асырмауды еске салады.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04