Главная Новости Оманда 4 қазақстандық жол апатынан зардап шекті

Оманда 4 қазақстандық жол апатынан зардап шекті

Қазақстанның төрт азаматы Оманда жол апатынан зардап шекті. Сыртқы істер министрлігі жерлестерімізге консулдық көмек көрсетіп, оларды емдеп жатқан дәрігерлермен байланыста отыр. Қазір қазақстандық дипломаттар азаматтарды елге қайтару мәселесін шешіп жатыр. Еске салайық, жол апаты 15 қарашада Оманның Салала қаласында болған. Онда Қазақстан азаматтары демалып жүрген. Көлікке төрт адам - әжесі, атасы, олардың қызы мен кәмелетке толмаған немересі мінген. Жол апатынан төртеуі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. 

Поделиться