Fitch Ratings «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ рейтингтерін растады
Халықаралық Fitch Ratings агенттігі «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының кредиттік рейтингтерін растады. Қордың рейтингі BBB, ал ҚТЖ-ныкі BBB- деңгейінде сақталды. Екі ұйымның болжамы - тұрақты. Агенттік мұны мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу ықтималдығының жоғары болуымен түсіндіреді. «Самұрық-Қазына» - мемлекеттің жалғыз акционері бар қор, ал ҚТЖ оның құрамына кіреді және ұлттық теміржол операторы саналады. Халықаралық рейтингтің расталуы инвесторлар үшін маңызды. Бұл компаниялардың қаржылық сенімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар халықаралық нарықтан қаржы тартқанда тиімді шарттарға қол жеткізуіне ықпал етуі мүмкін.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04