Главная Новости ₸1,1 млрд: Түркістан облысында субсидияны жымқыру бойынша тергеу жүруде

₸1,1 млрд: Түркістан облысында субсидияны жымқыру бойынша тергеу жүруде

Түркістан облысында жаңбырлатып суару қондырғыларына бөлінген 1,1 миллиард теңгеден астам субсидияны жымқыру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті екі серіктестік арқылы 81 суару машинасына субсидия алуға өтінім берген. Алайда оның 37-сі шаруашылықтарға мүлде жеткізілмеген. Соған қарамастан техниканың толық тапсырылғаны туралы жалған құжаттар рәсімделіп, бюджет қаражаты күдіктінің бақылауындағы ұйымдардың шоттарына аударылған.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

Міндеттемелердің толық орындалғаны туралы жалған мәліметтер көрсетілген қабылдау-тапсыру актілері рәсімделген. Нәтижесінде мемлекетке 1,1 млрд теңге көлемінде залал келтірілген. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Поделиться