Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
Ортақ мүлікке қатысты құқықтар мен міндеттер нақтылануы мүмкін. Жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу барысында осы саладағы заңнаманы жетілдіру ұсынылып отыр. Заң ғылымдарының кандидаты Елеужан Серімов әлеуметтік желідегі парақшасында маңызды мәселеге қатысты өз ұсынысын жариялады. Маманның пікірінше, жаңа кодексте ортақ мүлікті пайдалану тәртібін нақтылау, әр меншік иесінің өз үлесіне билік ету құқығын айқындау және мүлікті бөлу кезінде барлық тараптың мүддесін ескеру маңызды. Сонымен қатар туындаған дауларды сотқа жеткізбей шешудің құқықтық тетігін дамыту қажет. «Мұның бәрі меншік иелерінің құқықтарын қорғап, мүлікке қатысты келіспеушіліктер мен сот дауларының алдын алуға мүмкіндік береді» дейді заңгер. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында жаңа Азаматтық кодекс әзірлеу қажеттігін атап өткен болатын. Құжатты келер жылдың соңына дейін қабылдау ұсынылды.
Читайте также
Все