«Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысушылардың көбі студенттер
Ақтөбелік жастардың кітап оқуға деген құштарлығы артқан. Оған дәлел – «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысып жатқан студенттер көп. Солардың бірі – Альбина Қосуақова. Ол осы уақытқа дейін жүзден аса кітап оқығанын айтады. Қазір ұлттық жобаның «Кітап оқитын университет» бағыты бойынша өңірде топ жарып келе жатыр. Талантты шәкірт ұсынылған шығармалар бойынша эсселер жазып, қатарластарымен пікір алмасып отырады.
Альбина Қосуақова, «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысушы:
Осы кітаптар арқылы мен өзімді дамыту үстіндемін. Осы кітаптар арқылы әр түрлі эсселар жаздым және бейнепікір қалдыру арқылы өзімді дамыту үстіндемін.Және өзіміз секілді адамдармен танысып, сол адамдардың туындыларын қараған болатынмын. Солармен ой бөлісіп, білімімді кеңейту үстіндемін.
Кітапханашылардың айтуынша, студенттер тарихи шығармалар мен көркем әдебиетті көп сұрайды. Әсіресе, қазақтың классик жазуышыларының шығармаларына қызығушылық зор. «Кітап оқитын ұлт» жобасына техникалық бағытта білім алып жатқан шәкірттер де көптеп қатысып жатыр.
Гүлнар Шадыманова, кітапханашы:
Тарихи кітаптар, көркем әдебиет және мәдениетке қатысты кітаптарға қызығушылық танытуда студенттер. Жоба аясында кітапханамызда әртүрлі шаралар өтуде, оқырмандармен кездесу, кітаптар талқылау, сондай жақсы жұмыстар жүріп жатыр.
Читайте также
Все