Жетісуі облысының өнеркәсібі екі есеге артқан
Тәуелсіздік жемісінің жарқын көрінісі – Жетісу өңірінің қайта түлеуі. Өз алдына жеке дара аймақ болып құрылған 4 жыл ішінде өңір өнеркәсібінің өндірісі екі еселенді.
Өнім көлемі 240 млрдтан 460 млрд теңгеге жеткен. 100-ден аса кәсіпорын іске қосылып, ірілі-ұсақты өндіріс орындарының саны 630-дан асты. Онда қазір 22 мың адам тұрақты еңбек етуде. Әсіресе, мемлекеттік қолдау тетіктері саланың дамуына тың серпін берді. Биылдың өзінде өңдеу ісімен айналысатын 20 шақты бизнес субъектісіне қаржылық қолдау көрсетілген. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешенін ілгерілетуге 70 млрд теңге бөлінсе, соның 30 млрд-қа жуығы субсидиялауға бағытталған.
Ерқанат Қажымұқанұлы, Жетісу облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:
Жетісу облысы бөлінгелі облысымызда өнеркәсіп саласына өте үлкен көңіл бөлінуде. 2022 жылдан бері екі жарым мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілері қаржылық қолдау көздерін ала алды. Оның ішінде әрине басым бағыттардың бірі өңдеу, өндіру саласындағы кәсіпорындарға берілді.
Читайте также
Все