Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқын алды
Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Осыдан екі жыл бұрын қадасы қағылған зауыт жылына 1 млн 250 мың тонна полиэтилен өндіруге қауқарлы. Жоспар бойынша кәсіпорын полиэтиленнің 22 түрін шығарады. Оның 40 пайызы жоғары сапалы санатқа жатады. Құрылыстың ең маңызды кезеңі саналатын биіктігі 102 метрлік этилен фракционаторын қондыру жұмысы аяқталды. Оны тұрғызу үшін әлемде тек алты данасы бар 4 мың тоннаға дейін жүк көтеретін шынжыр табанды кран құрастырылған. Қазір алаңда 5 мыңнан аса адам мен 700-ге тарта техника жұмыс істеп жатыр. Зауыт іске қосылғасын 800-дей адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Мұхтар Авутбаев, кәсіпорынның бас директоры:
Зауытта Теңіз кен орнынан келетін этанды пиролиз пештерінде өңдеп, этилен аламыз. Бұл үшін Lummus технологиясы Қазақстанда алғаш рет қолданылмақ. Пештерді жобалау, салу және монтаждау жұмыстарына қазақстандық инженерлер мен құрылыс мекемелері де қатысуда. Осы жобада жинаған тәжірибесін отандық мамандар алдағы уақытта да пайдалана алады.
Читайте также
Все