Главная Новости ШҚО-ға тағы 150 дәрігер қажет

ШҚО-ға тағы 150 дәрігер қажет

Шығыс Қазақстан облысында дәрігер тапшы. Қазірдің өзінде өңірде 150 маман жетіспейді. Оның отызға жуығы ауылдық елді мекендерге керек. Әсіресе, анестезиолог, гинеколог, кардиолог сынды  қызметкерлердерді табу қиын. Өңірде өзекті болып тұрған бұл мәселені шешу  үшін, ауылға жұмысқа барған жас дәрігерлерге 8,5 миллион теңгеге дейін біржолғы көтермеақы беріледі. Ал соңғы үш жылда аймақта 36 медициналық нысан салынды.

Кейбірінде бұрын-соңды болмаған стоматология кабинеті ашылып, күндізгі стационар іске қосылды. Енді сол мекемелерді білікті мамандармен жасақтау маңызды.

Әлия Хасенова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

Қазіргі таңда кадр тапшылығын шешу үшін облыстық бюджет есебінен 49 маман резидентурада оқып жатыр. Қазіргі уақытта 69 маман оқуды бітіріп, өңірге келіп жұмысқа тұрып жатыр. Бірақ мұндай әдістерге қарамастан кадр тапшылығы әлі де бар.

Поделиться