Павлодар облыстық онкологиялық диспансері жаңа аппаратпен жарақтанды
Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріне сәулелік терапияға арналған желілік үдеткіш аппараты сатып алынды. Қаржы «Қазақстан халқына» қорынан бөлінген. Қазіргі уақытта аймақтағы қатерлі ісік ауруларының таралу көрсеткіші жылдан жылға жоғарылап барады. Атап айту керек, 2027-2028 жылдар аралығында елімізде төрт онкологиялық орталық құрылысы аяқталады. Басты бағыттардың бірі сәулелік терапияны дамыту. Әзірге бұл обыр дертін емдеудің ең тиімді тәсілі.
Виктория Сиченко, облыстық онкология орталығының бөлім меңгерушісі:
«Трубим» желілік үдеткіші қатерлі ісікті емдеуге арналған. Ол бас, мойын, кеуде қуысы, құрсақ, жамбас, сүт безінің қатерлі ісігін емдеуге қолданылады. Ерекшелігі зақымданған аумақты милиметрлік дәлдікпен залалсыздандырады. Адамның сау жеріне зиян тигізбейді. Осы 2026 шығарылған заманауи аппарат.
Читайте также
Все