Главная Новости Шетелде тығылған интернет-алаяқтарды анықтау жеңілдейді

Шетелде тығылған интернет-алаяқтарды анықтау жеңілдейді

Қазақстан енді шетелде жасырынған интернет-алаяқтарды да жедел анықтап, олардың цифрлық ізін халықаралық деңгейде бақылай алады. Құрылтай депутаттары Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмысқа қарсы конвенциясын ратификациялады. Құжат аясында мемлекеттер электронды дәлелдермен алмасып, бірлескен тергеу жүргізіп, қылмыскерлерді экстрадициялай алады. Ең маңыздысы тергеу кезінде цифрлық деректерді 90 күнге дейін сақтап қою мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ шетелдік банк шоттары мен криптоәмияндар арқылы әрекет ететін дропперлерді анықтау жеңілдейді.

Санжар Әділов, ҚР ІІМ орынбасары:

Конвенция мынандай тетіктерді белгілейді. Өзара құқықтық көмек көрсету, ақпаратр алмасу, бірлескен тергеп тексеру жүргізу. Қылмыскерлерді жауаптылыққа тарту және оларды ұстап беру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталықтарын құру жеке көзделген.

Поделиться