Цифрлық сауаттылық – алаяқтарға тосқауыл
Интернет-алаяқтық бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Бір ғана қоңырау немесе күмәнді сілтеме қаржыдан айырылуға себеп болуы мүмкін. Алаяқтар түрлі айла-тәсілдерді пайдаланып, азаматтардың жеке деректері мен қаражатын иемденуге тырысады. Ал тұрғындар киберқауіптен қаншалықты сақтанады? Пікір білген едік.
- Қазіргі заманда алаяқтардың ең басты схемасы – ол SMS-кодтармен жеке банктердің құпиясөздерін анықтап алып, өз шараларын қолдануға доступ береміз. Біз ата-аналарымызға, ересек адамдарға айтарым: SMS-кодпен бөліспеу, басқа сайттарға ұрынбау керек, ең бастысы.
- Картаның кодын ешкімге айтудың керегі жоқ, өйткені қазір наличка ұстаған дұрыс деп ойлаймын. Мошенниктер көбінесе кодты біліп алғандықтан, ақша алып кетуі мүмкін. Қазір сізге қоңырау шалады, сіздің отбасыңыздың немесе таныстарыңыздың атынан звондайды, сөйлеседі, сонымен ақша алып алады. Кодыңызды біліп, ақша ұрлайды.
- Балалардан сұраймыз, анау бөтен нөмір келгенде, алуға жарамайды деп. Код, сим-карта дейді, оларды ешкімге айтуға жарамайды деп. Ешкімге ақша жібермейміз. Жіберетін кезде балаларға да ақша жіберудің алдында сұраймыз: бірінші керек пе, жоқ па, содан кейін жібереміз.
Читайте также
Все