Главная Новости Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды

Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды

Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» республикалық чемпионаты басталды. Бұл – еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуды көздейтін ең ірі жобалардың бірі. Яғни мұнда колледж студенттері теория емес, тікелей өндірісте қолданылатын тапсырмаларды орындайды. Биылғы бәсекеде еліміздің барлық өңірінен келген 840 қатысушы 44 түрлі мамандық бойынша бақ сынамақ. Байқау қарашаның 26 мен 28 күні аралығында өтеді. Шараға мыңға жуық сарапшы, одан бөлек жұмыс берушілер де шақырылған. WorldSkills халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқан жоба. Оған Қазақстан 2014 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. 

Ағзира Қасымова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры:

Жеңімпаздарға халықаралық деңгейдегі Worldskills чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. Жұмыс беруші келген кезде осы жерден үздік мамандарды таңдап, дуалды оқытуға шақырып, балаларымыз кейін жұмысқа тұра алады.

Поделиться