Главная Новости 5 өңірде көлік жылдамдығына шектеу қойылды

5 өңірде көлік жылдамдығына шектеу қойылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 5 өңіріндегі республикалық маңызы бар автожолдарда көлік жылдамдығына уақытша шектеу қойылды. Олардың қатарында Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары бар. Ақмола облысындағы ахуалды хабарлау үшін әріптесіміз Бибінұр Әмірханқызы тікелей байланысқа шығып отыр.

Бибінұр Әмірханқызы, тілші:

Қазір Көкшетауда ауа температурасы -2 градусты көрсетіп тұр. Кеше жаңбыр жауғандықтан бүгін  жолдар қатып жатыр. Көктайғақ пен қатты желдің үдеуіне байланысты трассалардағы автокөлік  жылдамдығына шектеу қойылып отыр. Яғни, «Астана – Щучинск» және «Астана - Қарағанды-Алматы» автомобиль жолдары бойынша жылдамдық режимі 140-тан 110-ға дейін төмендетілді. Полиция көліктер арасындағы арақашықтықты қатаң сақтауды ескертеді.

Поделиться