Шымкентте терроризм туралы ақпарат таратқан азамат ұсталды
Шымкентте бірнеше адамды кепілдікке алып, «террористік акт жасаймын», деп хабар таратқан азамат ұсталды.
Ол өзінің осындай әрекетке баратыны туралы Оңтүстік Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік департаментінің кезекші бөліміне хабарлама жіберген.
Айтылған мекен жайға жедел жеткен Ішкі істер қызметкерлері дереу бес қабатты үйдің тұрғындары мен жақын маңдағы ойын-сауық мекемелеріндегі адамдардың барлығын сыртқа шығарып, оқиға орнын қоршауға алады.
Экстремизммен күрес басқармасы қызметкерлерінің жедел әрекеті арқасында жұрттың үрейін алған 52 жастағы азамат көп ұзамай қолға түсті.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оның мінез-құлқында психикалық ауытқушылық бар.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Читайте также
Все
Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды
25.11.2026, 17:25
Ресейде қазақ мәдени ұйымдары көбейіп келеді
25.11.2026, 17:24
СҚО су құбырларын жаңартады
25.11.2026, 17:23
1300 жас маман мемқызметке конкурссыз қабылданды
25.11.2026, 17:22
Қазақстан ТМД ішінде ең білімді елге айналды
25.11.2026, 17:20
Шипажайлардың жұмысын реттейтін заң өзгеруі мүмкін
25.11.2026, 17:19
«Халыққа жақын» жобасы Сыр өңірінен басталды
25.11.2026, 17:17
Қазақстанның зейнетақы мөлшері ТМД елдері арасында 4-орында
25.11.2026, 17:15