Катар 80 елдің азаматтарына визаны тегін бермек
Олардың қатарында Қазақстан да бар. Шетелдіктер бұл мемлекетте бір ай жүріп, визаны тағы 30 күнге соза алады.
Сарапшылардың пікірінше, абсолюттік монархия мұндай қадамға өзіне жасалған дипломатиялық қысымның ықпалын жеңілдету үшін барып отыр. Айта кетсек, биыл маусымда Сауд Арабиясы бастаған бірнеше араб елі Катарды «терроризмді қолдады» деп оқшаулауға кірісті. Соның салдарынан, қаржылық қиындықтар басталып отыр. Мысалы, қазір мұнда валюта тапшы. Сонымен қатар, экономикада құлдырау байқалады. Мәселен, 2006-2014 жылдары Катардың жалпы ішкі өнімі 13 пайызға өссе, биыл бұл көрсеткіш 2,5 пайызға дейін төмендеуі мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Қостанайда үгіт-насихат жұмыстары қорытындыланды
26.11.2026, 22:19
Трамп әкімшілігі тағы да сауда соғысын бастауға жақын
26.11.2026, 20:08
Сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтілді
26.11.2026, 20:07
«Халықтық құрылысқа» шетелдік капитал тартылады
26.11.2026, 20:05
Мемлекеттік басқаруды реформалау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді
26.11.2026, 20:05
Мәскеуде жасанды интеллект тақырыбына арналған халықаралық форум өтіп жатыр
26.11.2026, 20:04
Маңғыстау облысында бірнеше жаңа оңалту орталығы жұмысын бастады
26.11.2026, 19:56
Тәуелсіздік жылдарындағы медицина жетістіктері
26.11.2026, 19:55