Аргентинада шерушілерге резеңке оқ атылды
Аргентинада полиция Конгресс ғимараты жанында шерулеткен адамдарға қарсы резеңке оқ, газ қаруын қолданып, су шашты. Шерушілер өздерін күшпен таратпақ болған тәртіп сақшыларына тас, шыбық және қоқыс лақтырған. Наразылық акциясына мыңдаған мұғалім, әлеуметтік ұйымдар және солшыл топ өкілдері қатысты. Демонстранттар президент Маурсио Макридің қатаң үнемдеу шараларына қарсы. 2019 жылдың бюджет туралы заң жобасына сай, бюджеттік дефицитті жою үшін шығындарды қысқарту көзделген. Айта кетсек, Аргентинаның қарызы өсіп, ұлттық валютасы құнсызданды. Биыл песо өз құнының 50 пайызын жоғалтқан.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды
25.11.2026, 17:25
Ресейде қазақ мәдени ұйымдары көбейіп келеді
25.11.2026, 17:24
СҚО су құбырларын жаңартады
25.11.2026, 17:23
1300 жас маман мемқызметке конкурссыз қабылданды
25.11.2026, 17:22
Қазақстан ТМД ішінде ең білімді елге айналды
25.11.2026, 17:20
Шипажайлардың жұмысын реттейтін заң өзгеруі мүмкін
25.11.2026, 17:19
«Халыққа жақын» жобасы Сыр өңірінен басталды
25.11.2026, 17:17
Қазақстанның зейнетақы мөлшері ТМД елдері арасында 4-орында
25.11.2026, 17:15