Дайверлер Индонезияда құлаған ұшақтың бөлшектері мен «қара жәшігін» тапты
Индонезияда құлаған ұшаққа қатысты жаңа мәлімет жетті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Боингтің» басты корпусы мен «қара жәшігі» табылған. Дайверлер оларды су астында 32 метрдей тереңдікте көрген. Сүңгуірлермен бірге «НиИтИ» жаңалықтар желісінің журналистері де теңіз түбіне түсті.
«Қара жәшікте» сақталған жазбалар арқылы ұшақтың неліктен құлағаны мәлім болады деген үміт бар. Бортына 189 адам мінген «Лайн Эйр» компаниясының «Боингі» дүйсенбіде Ява теңізінде апатқа ұшырады. Одан ешкім тірі қалмаған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды
25.11.2026, 17:25
Ресейде қазақ мәдени ұйымдары көбейіп келеді
25.11.2026, 17:24
СҚО су құбырларын жаңартады
25.11.2026, 17:23
1300 жас маман мемқызметке конкурссыз қабылданды
25.11.2026, 17:22
Қазақстан ТМД ішінде ең білімді елге айналды
25.11.2026, 17:20
Шипажайлардың жұмысын реттейтін заң өзгеруі мүмкін
25.11.2026, 17:19
«Халыққа жақын» жобасы Сыр өңірінен басталды
25.11.2026, 17:17
Қазақстанның зейнетақы мөлшері ТМД елдері арасында 4-орында
25.11.2026, 17:15