Венесуэла тұрғындары бензин үшін кезекте тұруға мәжбүр
Мұнайға бай Венесуэла тұрғындары бензинге зәру. Жанармай сатып алу үшін адамдар ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Қараша айында бензин дефициті халқы көп Валенсия мен ел астанасы Каракаста да сезіліп отыр. Бұған мұнай бағасының арзандауы, энергетикалық шикізат өндірісінің қысқаруы, отынды жанармай станцияларына тасымалдаудың баяулауы себеп.
Былтыр Венесуэлада күніне 2 миллион баррель мұнай өндірілсе, қазір - 1,4 млн баррель ғана.
Айта кетсек, социалист президент Николас Мадуроның жетекшілігіндегі мемлекет экономикасы бесінші жыл қатарынан терең рецессияны бастан өткеріп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды
25.11.2026, 17:25
Ресейде қазақ мәдени ұйымдары көбейіп келеді
25.11.2026, 17:24
СҚО су құбырларын жаңартады
25.11.2026, 17:23
1300 жас маман мемқызметке конкурссыз қабылданды
25.11.2026, 17:22
Қазақстан ТМД ішінде ең білімді елге айналды
25.11.2026, 17:20
Шипажайлардың жұмысын реттейтін заң өзгеруі мүмкін
25.11.2026, 17:19
«Халыққа жақын» жобасы Сыр өңірінен басталды
25.11.2026, 17:17
Қазақстанның зейнетақы мөлшері ТМД елдері арасында 4-орында
25.11.2026, 17:15