71 жастағы француз Атлант мұхитын бөшкемен жүзіп өтпек
Бөшкеде отырып, Атлант мұхитын жүзіп өту. Мұндай батыл қадамға 71 жастағы француз Жан-Жак Савин бармақ. Оның капсуласы фанерадан жасалып, шайырмен қапталған. Саяхатшы Канар архипелагындағы шағын аралдан Антиль аралдарына дейінгі 4500 шақырымды 3 айда еңсеруден үмітті. Оның бөшкесінде кереует, қолжуғыш, тамақ пісіруге арналған плита бар. Ол жүзу кезінде мұхитқа арнайы маркерлер тастап отырмақ. Бұл ғалымдардың мұхит ағыстары туралы көбірек мәліметке қол жеткізулеріне мүмкіндік бермек.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды
25.11.2026, 17:25
Ресейде қазақ мәдени ұйымдары көбейіп келеді
25.11.2026, 17:24
СҚО су құбырларын жаңартады
25.11.2026, 17:23
1300 жас маман мемқызметке конкурссыз қабылданды
25.11.2026, 17:22
Қазақстан ТМД ішінде ең білімді елге айналды
25.11.2026, 17:20
Шипажайлардың жұмысын реттейтін заң өзгеруі мүмкін
25.11.2026, 17:19
«Халыққа жақын» жобасы Сыр өңірінен басталды
25.11.2026, 17:17
Қазақстанның зейнетақы мөлшері ТМД елдері арасында 4-орында
25.11.2026, 17:15