Гонконгта мыңдаған адам экстрадиция туралы заң жобасына қарсы шеруге шықты
Ұйымдастырушылар наразылық акциясына 130 мың кісі қатысты десе, полицияның мәліметінше, 22800 адам шерулеткен. Демонстранттар қаланың орталық көшелерінен бастап даулы заң жобасын қарастырып жатқан кеңестің ғимаратына дейін барды. Олардың қарсылығын тудырған құжат қабылданып кетсе, заң бұзды деп танылған гонконгтіктер Қытайдың құқық қорғау органдарына экстрадицияланады.
«Бір ел - екі жүйе» формуласы бойынша жоғары автономияға ие Гонконгтың материктік Қытаймен экстрадиция туралы келісімі жоқ. Алайда, жергілікті әкімшілік бұл жағдайды өзгертуді көздеп отыр. Наразы тұрғындардың ойынша, мұндай реформа Бейжіңнің Гонконгке бақылауын күшейтуі мүмкін.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды
25.11.2026, 17:25
Ресейде қазақ мәдени ұйымдары көбейіп келеді
25.11.2026, 17:24
СҚО су құбырларын жаңартады
25.11.2026, 17:23
1300 жас маман мемқызметке конкурссыз қабылданды
25.11.2026, 17:22
Қазақстан ТМД ішінде ең білімді елге айналды
25.11.2026, 17:20
Шипажайлардың жұмысын реттейтін заң өзгеруі мүмкін
25.11.2026, 17:19
«Халыққа жақын» жобасы Сыр өңірінен басталды
25.11.2026, 17:17
Қазақстанның зейнетақы мөлшері ТМД елдері арасында 4-орында
25.11.2026, 17:15