Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет «Кинематография туралы» заң жобасы әзірленді
Маңызды құжатты осы аптада Мәдениет және спорт министрі Парламент Мәжілісінің депутаттарына таныстырды. Сөз жоқ. Кино - игере білген ел үшін ең мықты идеология құралы. Ол арқылы өз ұлтыңды күллі жаһанға ұлықтап, ар-ождан, намысыңды насихаттайсың. Бұл мүмкіндікті өз пайдасына жаратып жатқан басқа жұртты көзбен көріп, құлақпен естіп жүрміз.
Ал, жаңа замандағы қазақ киносының бет алысы туралы мақтанып айтар, марқайып айтар мәлімет жоқтың қасы. Түсірілген ұлттық фильмдер саусақпен санарлық. Оның орнына ессіз, мән-мағынасыз, сананы улайтын коммерциялық жобалар қаптап кетті. Жаңадан әзірленген заң жобасы осы жағымсыз үрдіске тосқауыл жасауға қауқарлы ма?
Ербол МӘНДІБЕК
Читайте также
Все
Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды
25.11.2026, 17:25
Ресейде қазақ мәдени ұйымдары көбейіп келеді
25.11.2026, 17:24
СҚО су құбырларын жаңартады
25.11.2026, 17:23
1300 жас маман мемқызметке конкурссыз қабылданды
25.11.2026, 17:22
Қазақстан ТМД ішінде ең білімді елге айналды
25.11.2026, 17:20
Шипажайлардың жұмысын реттейтін заң өзгеруі мүмкін
25.11.2026, 17:19
«Халыққа жақын» жобасы Сыр өңірінен басталды
25.11.2026, 17:17
Қазақстанның зейнетақы мөлшері ТМД елдері арасында 4-орында
25.11.2026, 17:15