Арыс қаласында 70 күн ішінде атқарылған жұмыстар «Ашық алаң» бағдарламасында талқыланды
Арыс қаласындағы апаттан қиарап қалған 466 баспананың тұрғындары енді екі аптадан соң қоныс тойын өткізетін болады. Облыс әкімі мердігерлерге жаңадан салынып жатқан үйлердің құрылысын қыркүйек айының 20-на дейін аяқтауды тапсырды. Жалпы апаттан кейінгі екі айдың ішінде шағын шаһардағы 7 мың 200 үйдің есік терезесі бүтінделіп, шатыры жаңартылды. Әлеуметтік нысандар да шетінен жөнделіп, көпшілігі бүгінде халыққа қызмет көрсетуде.
Оспановтар отбасының апаттан жермен жексен болған үйінің орына орнына қазыр мынадай сәулетті баспана бой көтерді. Құрылысшылар шатырын жауып, енді іші-сыртының әрлеу жұмысынына кірісіп жатыр. Жеті балалы отбасы әзірге аулаға тігілген шатырды паналап, күн кешіп жатыр. Жаңа үйдің ертерек біткенін қалаған үй иелері құрылысқа өздері де қолғабыс жасап жүр.
Райхан Оспанова, Арыс қаласының тұрғыны:
Құдай қаласа 10-15 күнде кіреміз деп отырмыз. Білек сыбанып, өзім де кірісіп кеттім іші-сыртын жинауға. Әлі жұмысы бар. Сылап, қағатын жерлері. Халыққа рахмет. Бәрін әкеп беріп жатыр.
Бұл аумақ «Наурыз» шағын ауданына қарайды. Әскери қоймаға жақын орналасқандықтан мұндағы үйлер жарылыстан қатты зардап шеккен. Қазір баспана етуге мүлдем жарамсыз болып қалған 3 көпқабатты және 466 үйдің орнына жаңасы салынуда. Қай тұрғызылып жатқан 66 әлеуметтік нысанның құрылыс аяқталмаған тек алтауы ғана қалып тұр.
Мұрат Қадырбек, Арыс қаласының әкімі:
17 мектеп, балабақша толығымен жұмысын атқарып жатыр. Тек қана бұзылып қайта салынып жатқан тіс емдеу орны, емхана, жедел жәрдем орталығы бұзылып қалпына келтірілуде.
Тарихи ғимарат саналатын Арыс темір жол вокзалындағы жөндеу жұмысы бірер күнде аяқталмақ. Кәсіпкерлік нысандары да қайта қалпына келтірілуде.
Ләззат Рамазанова, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы басқарма төрағасының орынбасары:
Палата жанына жиналып, құрылған кәсіпкерлер тізім бойынша 509 десек, оның жартысынан көбі бүгінгі таңда толық жаңартылып іске қосылды. Ал енді қалғаны 1-1,5 айдың көлемінде жұмысын бастайды.
Осыдан бір күн бұрын ұлттық арнаның «Ашық алаң» бағдарламасына Арыс қаласының тұрғыны хабарласып, көрсетіліп жатқан көмектің әлі де жеткіліксіз екенін айтқан болатын. Көрермен аты-жөнін айтпағандықтан оны шаһардан іздеп табу мүмкін болмады. Әйтсе де бұл азаматтың телеарнамызға қайта хабарласып, мұқтаждығын айтуына мүмкіндігі бар.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы