Каталонияның сепаратист-лидерлері сотталды
Испания жоғарғы соты Каталонияның бөлінуіне жақтас 9 сепаратист-лидерді 9 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Оларға 2017 жылы тәуелсіздік референдумын ұйымдастырды деген айып тағылған.
Ұзақ мерзімдік түрме жазасына іліккендердің төртеуі мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсағаны үшін сотталды. Тағы үшеуіне сотты тыңдамағаны үшін айыппұл салынған.
Жауапқа тартылған 12 адамның барлығы да өздеріне тағылған кінәні мойындамады.
Тәуелсіздік жақтастары сот үкіміне қарсы Каталонияда жаппай азаматтық бағынбаушылық акциясын өткізетіндерін ескертті. Сондықтан испан үкіметі бұл аймаққа қосымша жүздеген полиция аттандырған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16