Барселонаны тәртіпсіздік жайлады
Испанияның Барселонасын үлкен тәртіпсіздік жайлады. Мұнда мыңдаған адам көшеге шығып, полицейлермен қақтығысты. Оларды корольдік сотының Каталония тәуелсіздігін талап еткендердің лидерлерін ұзақ мерзімге соттауы ашындырып отыр.
«Ел Паис» газетінің хабарлауынша, Барселонада, Жиронда, Лериде, Сабаделде қақтығыстар кезінде 74 адам жараланып, 25-і тұтқындалған.
Демонстранттар қоқыс контейнерлерін өртеп, тәртіп сақшыларына шөлмектер мен тас лақтырған. Ал полицейлер оларды тарату үшін шоқпар қолданып, резина оқ атты.
Дүйсенбі күн Каталония сепаратистерінің тоғыз жетекшісі 13 жылға дейін бас бостандығынан айрылды. Содан кейін бұл аймақта үкіметке қарсы акцияларға сан мың адам қатысқан.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16