Санкция Түркияның әскери операциясын тоқтата алмады
Американың санкцияларына қарамастан, Түркия Сирияның солтүстігіндегі әскери операцияны тоқтатпады. Қазір шайқас Рас әл-Айн қаласы үшін жүріп жатыр. Ал осы аймақтағы Манбидж қаласына бірер күн бұрын Сирия армиясы мен оның ресейлік одақтастары енді.
Түркия Сирияның теріскейін күрд отрядтарынан тазартып, оған кезінде өз жеріне қашқан миллиондаған сириялық босқынды қайтармақ.
Соңғы мәліметке қарағанда, өткен аптада басталған операция барысында 160 мыңдай адам үйлерін тастап кетіп, ондаған бейбіт тұрғын қаза тапты.
Бүгін Түркияны бұл науқанды тоқтатуға көндіру үшін Анкараға АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен вице-президент Майк Пенс барады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16