Мемлекет басшысы архитектор, академик Әбдісағит Тәтіғұловтың отбасына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі архитектор, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдісағит Тәтіғұловтың дүние салуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Әбдісағит Шаймұханбетұлы Қазақстанда құрылыс саласын дамытуға үлкен үлес қосқан қайраткер. Ұзақ жылдар бойы «KAZGOR» жобалау академиясын басқарып, елімізде еңселі ғимараттар мен салтанатты сарайлардың бой көтеруіне сіңірген еңбегі өте мол. Ол ұлттық сәулет мектебін қалыптастырып, шәкірт тәрбиелеудің озық үлгісін көрсетті. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із қалдырған Әбдісағит Тәтіғұловтың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады», делінген жеделхатта.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Судағы қауіпсіздік – баршаға ортақ міндет
04.08.2026, 20:11
Өскеменде қатты дауыл үйлердің шатырын ұшырып, бағаналарды құлатты
04.08.2026, 20:09
Құрылтай сайлауына 19 күн қалды
04.08.2026, 20:09
Қазақстан жаһандық инвестициялық рейтингте 17 сатыға жоғарылады
04.08.2026, 20:07
Теңге шілдеде 1,3%-ға нығайды
04.08.2026, 20:06