Қазақстан жаһандық инвестициялық рейтингте 17 сатыға жоғарылады
Қазақстан жаһандық инвестициялық рейтингте 17 сатыға жоғарылап, 53-орынға тұрақтады. Былтыр ғана бұл тізімде еліміз 70-орында болған. Ал биыл Орталық Азиядағы біраз мемлекетті басып озды. Мәселен, Өзбекстан – 81-ші, Қырғызстан – 96-шы, ал Тәжікстан – 97-ші орында тұр. Швейцария, Дания, Швеция сынды мемлекеттер көш басына жайғасқан. Есте болса, таяуда ғана Премьер-министр Президентке елге жарты жылда тартылған инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгеге жеткенін баяндады.
Мамандардың айтуынша, елдегі макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекеттік қарыз деңгейінің салыстырмалы түрде төмендеуі және сыртқы инвесторлар үшін қолайлы жағдайдың жасалуы рейтингтің жақсаруына әсер еткен. Халықаралық сарапшылар Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы артып келе жатқанын айтады. Әсіресе энергетика, инфрақұрылым және цифрлық технологиялар салалары шетелдік капитал үшін негізгі бағыттардың бірі болып отыр. Бұл көрсеткіш Қазақстанның халықаралық капитал нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп, елге инвестиция тарту мүмкіндігін арттыра түседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы