Сыр өңірінде ақбөкендерді атқан браконьерлердің бірі ұсталды
Сыр өңірінде ақбөкендерді қырғидай қырған браконьерлердің бірі ұсталды. 112 аталық киікті атып өлтірген қаскөйлер бірер күн бұрын қорықшылардың құрығынан қашып құтылған болатын. Бірақ із суытпақ болып аударылып қалған Toyota Land Cruiser автокөлігі қашқан аңшыларды жылдам табуға себепші болды. Көлікті тінту барысында 54 киіктің мүрдесі мен 224 кесілген мүйіз табылды. Яғни, браконьерлер 112 ақбөкенді аяусыз атып салған. Сондай-ақ 25 оғы бар МР-153 маркалы аңшы қаруы мен пышақ, дүрбі шықты. Еліміздің жануарлар дүниесіне орасан зор залал келтірген қаскөйлердің бірін полиция қолға түсіріп үлгерді.
Әділбек СЕРІКҰЛЫ
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үлкен тенниске қызығатын балалар көбейіп келеді
18.09.2026, 17:33
Қарағанды облысында жастар құқықтық сауаттарын жетілдіруде
18.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
18.09.2026, 17:25
Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ
18.09.2026, 17:22
Филиппиндегі мектепте атыс болды
18.09.2026, 17:20
Ресейдегі дәрі қоры 8 айға ғана жетеді
18.09.2026, 17:17
Абай облысында ет экспортына ден қоя бастады
18.09.2026, 17:15
Өскеменде жол айрығын қарқынды салып жатыр
18.09.2026, 17:12