Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
Отандық ғылыми жобаларды өндіріске енгізу үшін заңнамалық тұрғыда қандай қолдау қажет? Бұл сұрақ Құрылтай депутаттарының ұйымдастыруымен өткен жиында талқыланды. Бас қосуға депутаттардан өзге, құзырлы министрлік өкілдері, ІТ сарапшылар, стартап жобалардың авторлары қатысты. Жолдауда да жедел индустриялық-технологиялық жаңғыру, жасанды интеллектіні кеңінен енгізу және цифрлық экономиканы қалыптастыру міндеттеріне тоқталған еді. Бүгінгі жиынның да мақсаты сол – отандық инновацияларды қолдаудың тиімді тетіктерін қарастыру. Іс-шара аясында депутаттар инновациялық жобалар көрмесін аралап, отандық мамандар мен сарапшылар әзірлеген стартаптармен танысты. Құрылтай жанынан құрылған арнайы сайтқа да ұсыныстар көптеп түскен.
Дидарбек Ділдәбек, Құрылтай депутаты:
Ол бөлім эксперттердің, азаматтардың ұсыныс–тілектерін жинау мақсатында болды. Ол жұмыстардың барлығы бір бірімен байланысты. Қазіргі күннің өзінде ұсыныстар келіп жатыр. Сол ұсыныстардың негізінде біз Қазақстандық экспреттердің пулын қалыптастырып жатырмыз.
Жиында ғылыми жобаларды коммерцияландыру, венчурлық қаржыландыруды дамыту, стартаптарға қолайлы орта қалыптастыру және мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру мәселелері қаралды. Іріктелген тиімді нормалар алдағы заң шығару жұмысында ескеріліп, заңнамалық жобалар да әзірленуі мүмкін.
Рабиға Тоқсейітова, Құрылтай депутаты:
Мысалы үшін ғимараттарды салу мәселесі. Әу бастан құрылыс біткенге дейін цифрлық бағдарламаға кіргізсек, онда ол жерде коррупция басқа да жарамсыз нәрселер қолданбайды. Сол жақтан біз заңнамаларды, заңға тиіс нормаларды қадағалап, қатайтып, сол жағынан көмек көрсетуіміз керек.
Дархан Ахмед-Заки, «QAIRU» директорлар кеңесінің мүшесі:
Тікелей мемлекеттік тұрғыда қолдау керек. Өйткені қазіргі таңда өндірістік инновацияның нақты технологиялық циклдерді өзгертумен байланысты болатын болса соның ішінде қабылданған затты алу, оның ішінде ғылыми құндылығына баға беру алдағы мәселе. Осының бәрі ескеріліп, келешекте ғылым инновацияның дұрыс деңгейде биік шыңдарға жетеміз бе деген ойымыз бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы