Басты Жаңалықтар Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады

Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады

Қазақстандағы электр қуатының жалпы көлемінің 75%-ға жуығы жылу электр станцияларында өндіріледі. Президент Жолдауында энергия өндіруді арттыру ғана емес, оны тиімді экспорттау бойынша да нақты тапсырма берді. Мәселен генерация нысандары негізінен Ертіс-Баян өңірінде шоғырланған. Екібастұздағы екі мемлекеттік аймақтық электр станциясы және Ақсу электр станциясы ұлттық маңызға ие кәсіпорындар. Қазір олардың бәрінде жаңартылған қуат өндіретін қосымша нысандарды салу басталды. МАЭС-2 стансасында 3-ші және 4-ші энергоблок құрылысы қатар жүріп жатыр. Жақында Қытайдан турбина, ал Ресейден қазандық жабдықтары әкелінеді.

Дастан Тобықтынов, МАЭС-2 станциясы басқарма басшысының І орынбасары:

Президент энергетика саласына үлкен міндет жүктеді. Ол энергетика қуатын ұлғайту. Қазір МАЭС-2 стансасында 3-4 энергоблок салынып жатыр. Осы жұмыстар атқарылып болғаннан кейін стансаның қуаты 1100 МВт-қа үлкейеді. Ол бүкіл Қазақстан экономикасына үлкен көмек болады.

Бүгінде отандық генерация ішкі сұраныстың 99% -на  жуығын өтеп отыр. Ал, Павлодар облысында 2032 жылға дейін таза көмір арқылы алынатын қуат 4190 МВт-қа ұлғаяды. Бұл жаңадан салынатын 4 нысанға тиесілі. Кәсіпорындарды жаңартуға арналған екі жоба 45 МВт, балама энергия өндіру бойынша салынатын үш жоба 1560 МВт қосымша қуат өндірмек. Бұл еліміздегі жалпы энергия тұтынуға бір аймақтың ғана қосып отырған үлесі.

Бөлісу