Басты Жаңалықтар Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды

Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды

Астанада жаңа әуежайдың құрылысы келесі жылдың маусым айында басталады. Жобаға әлемдегі ірі әуежай операторларының бірі саналатын сингапурлық компания тартылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді. Жаңа аэропорт салу қажеттілігі елордадағы жолаушылар ағыны мен жүк тасымалының артуымен байланысты. Биыл қаңтар мен шілде аралығында Астана әуежайы 5 миллион 400 мың жолаушыға қызмет көрсеткен. Ал жүк пен пошта тасымалы 8 мың 900 тоннаға жетіп, 20 пайыз өскен. Сондай-ақ бұл көрсеткіш жылдан жылға көбейіп келеді. Әзірге жаңа әуежайдың нақты қай жерде салынатыны, жобаның құны мен жылдық өткізу қуаты жарияланған жоқ.

Бөлісу