Басты Жаңалықтар Ұлыбритания мигранттарға ережелерді күшейтеді

Ұлыбритания мигранттарға ережелерді күшейтеді

Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ. Корольдіктің ішкі істер министрі Шабана Махмуд көші-қон заңнамасын реформалау жоспарын жария етті. Оған сай заңды мигранттардың көбі тұрақты тұруға өтініш бермес бұрын елде кемінде 10 жыл тұруға міндетті. Ал заңсыз жүрген шетелдіктер мен босқындарға 20 немесе 30 жыл күтуге тура келеді. Ішкі істер министрі жаңа ережелер үкіметке мигранттарға арналған жәрдемақылардан миллиардтаған фунт стерлинг үнемдеуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Ұлыбританияда 70 млн адам тұрады. 2004 жылдан бері халық саны мигранттар есебінен 11 миллионға көбейген.

Бөлісу