Ақтау-Түркия: Ұшақтан ауруханаға жеткізілген бес айлық нәрестенің жағдайы ауыр
Ақтаудан Ыстамбұлға бет алған ұшақтан ауруханаға жеткізілген бес айлық нәрестенің жағдайы ауыр. Өкпесі қабынған сәби қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Кеше Ақтаудан Түркияға бағыт алған әуе кемесі баланың денсаулығы нашарлағаннан кейін орта жолдан кері қайтып, Ақтау әуежайына қонған болатын. Сәби жедел-жәрдеммен Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір тыныс алу аппаратымен демалып жатыр дейді дәрігерлер. Баланың ата-анасы Орал қаласының тұрғындары. Олардың науқас баламен Түркияға не үшін бара жатқаны туралы ақпарат жоқ.
Нұрбол Оқуов, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:-Баланың жағдайы ауыр. Бірнеше диагноз қойылып отыр. Оның бірі, 2 өкпесі қабынған деген. Қазір одан сынама алынып, бойында коронавирус бар ма, жоқ па анықтауымыз керек.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00