Ақтауда Парламент сайлауының маңызы мен ерекшелігі талқыланды
Биылғы Парламент сайлауының алдыңғы саяси науқандарға қарағанда ерекшелігі көп. Біріншіден, сайлау межелі уақытында өткелі тұр. Екіншіден, «Сайлау туралы» заңға енген өзгерістерге сай саяси науқан жаңаша үлгіде өтеді. «Парламент сайлауының маңызы мен ерекшелігі» туралы Ақтауда өткен жиынға қатысқандар осылай дейді. Шараға ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, сарапшылар мен қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Ерлан Сайыров, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:-Сарапшылардың негізгі ойы-біздің елімізде халқымыздың саяси мәдениетін арттырудың ең негізгі мәселесі бірінші ол әр азамат сайлау құқығы-өзінің саяси капиталы екенін түсіну, екінші, сайлау процесін бақылау мәселесі.
Нұрғали Нұртай, журналист:- Биыл сайлау туралы, саяси партиялар туралы заңға өзгеріс енген болатын. Оған сәйкес Мәжілістегі 30 пайыз үлес әйелдер мен жастарға берілсе, парламенттік оппозициялық блог қалыптасады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00