Қостанайда шекарашылар 7 жыл халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы банкирді қолға түсірді
Қырағылық танытқан - «Қайрақ» өткізу бекетінің сарбаздары. Күдікті 2010 жылы Шымкент қаласында екінші деңгейлі банктің директоры міндетін атқарған. Кейін 590 млн. теңгені қымқырып ізін суытыпты.
Содан бері Украина, Ресей, Түркия мен Еуропа мемлекеттерінде жасырынып келген. Ұрлаған ақшасын молшылықта өмір сүріп, сауық-сайран құруға, ел аралап қыдыруға жұмсаған. Осы қаржыны отбасымен де бөлісіп отырыпты. Күдікті өзінің сырт келбетін өзгертіп, Өзбекстан азаматы ретінде жалған төлқұжат жасаған. Ол бұл құжатпен Ресей шекарасынан өткенімен, қазақстандық сарбаздардың қармағына ілікті.
Бұрынғы банкир Қазақстанға отбасына жолығып, құқық қорғау орындарына өз еркімен берілу үшін келе жатқанын айтқан.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15