Суэц каналын алып кеме бөгеді
Әйгілі Суэц каналын контейнер таситын алып кеме бөгеп тастады. Су көлігінің ұзындығы 400, ені 59 метр болады. Осы кедергі кесірінен ондаған кеме әрі-бері өте алмай тұр. Солардың қатарында 13 миллион баррель мұнай тиелген он шақты танкер бар.
Суэц каналы Жерорта және Қызыл теңіздерді жалғастырады. Ол Азия, Еуропа, Таяу Шығыс арасындағы ең қысқа сауда жолы саналады. Осы арна арқылы ғаламдық тауарлардың 12 пайызы мен контейнерлердің 30 пайызы өтеді.
Тайвандық транспорттық компания бақылауындағы кеме қатты желге төтеп бере алмай осындай жағдайға ұшыраса керек. Болжамдарға қарағанда, каналдағы қатынасты қалпына келтіруге бірнеше күн кетуі мүмкін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12