Суэц каналының алып кемемен бөгелуі мұнай бағасына әсер етті
Бүгін әлем нарығында мұнай бағасы бірден 2 пайызға өсіп, оның Brent маркасы баррелінің құны 63 доллардан асты. Себебі, Суэц каналын бөгеген алып кемені орнынан жылжытуға бірнеше апта кетсе, ұсыныс азаяды деген қауіп бар.
Суэц каналы – әлемдегі ең қарбалас су жолдарының бірі. Ол арқылы Еуропа мен Азия арасында мұнай мен жанармай, бидай мен өзге де тауарлар тасымалданады.
Танкерлердің жүрісін қадағалайтын «Кэплер» фирмасының дерегінше, 2020 жылы сатылған 39 миллион баррель мұнайдың 1,8 миллионға жуығы осы канал арқылы өткен.
Ұзындығы 400 метр болатын мега кеме жолды кесе көлденең жапқандықтан, каналдың арғы және бергі жағында 150-дей танкер мен басқа да су көліктері тоқтап қалды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12