Жемқорлыққа қарсы департаменттің аға офицері 60 млн пара алып, 12 жылға сотталды
Ақтөбеде жемқорлармен күресуі тиіс қызметкердің өзі пара алғаны үшін сотталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аға офицері 2019 жылы серіктестік басшысынан 60 миллион теңге алған. Бұл үшін қосымша салық пен пайыздарды төмендетуге уәде беріпті. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты оның кінәсін дәлелдеді. Сот шешімімен 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Қылмыстық жолмен келген мүлік толықтай мемлекетке қайтарылды.
Жанар Сайманова, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы:
ҚР ҚК-нің 367 бабының 4-інші бөлігінің санкциясында 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл аса ауыр қылмыс. Жаза тағайындаларда сот қылмыстық жауаптылық пен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде қабылданған антты бұзғанын таныды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үлкен тенниске қызығатын балалар көбейіп келеді
18.09.2026, 17:33
Қарағанды облысында жастар құқықтық сауаттарын жетілдіруде
18.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
18.09.2026, 17:25
Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ
18.09.2026, 17:22
Филиппиндегі мектепте атыс болды
18.09.2026, 17:20
Ресейдегі дәрі қоры 8 айға ғана жетеді
18.09.2026, 17:17
Абай облысында ет экспортына ден қоя бастады
18.09.2026, 17:15
Өскеменде жол айрығын қарқынды салып жатыр
18.09.2026, 17:12