Бүгін - халықаралық қан донорлары күні
Бүгін - халықаралық қан донорлары күні. Қазір тегін қан тапсырушылар жөнінен елімізде Ақтөбе облысы алдыңғы орында тұр.
Жыл басынан өңірде 4 мыңға жуық адам қан тапсырған. Медициналық мекеме күніне 50 науқасқа қажетті плазма мен эритроциттер жібереді. Керекті қанды ерікті донорлар толтырып отырады. Тұрақты донорлар саны мыңға жуық. Олардың әрқайсысы жыл сайын жиырма адамды ажалдан құтқарады екен. Бүгін дүниежүзілік донорлар күніне орай белсенділерге естелік сыйлықтар берілді.
Нұрлан Үдербай, облыстық «Қызыл ай» қоғамының директоры:Әрине, донор болу оңай емес. Донор болу үшін патриоттық, гумандық, яғни, осы адамдарды аман алып қалу деген өзінде ұмтылыс болу керек.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00