Ақтөбе облысында бір үйдің екі баласы аулада тұрған көлік ішінде өртеніп кетті
Ақтөбе облысында бір үйдің екі баласы аулада тұрған көлік ішінде өртеніп кетті. Қайғылы оқиға кеше түстен кейін Әйтеке би ауданының Еңбек ту ауылында болған.
Үш жасар бала өртенген көлік ішінде қалып қойған. Қасында болған 7 жастағы ағасы ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілді. Өкініштісі, дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады. Денесінің 80 пайызын күйік шалған ол есін жимастан көз жұмды. Ер балалар бір үйдегі төрт баланың ортаншысы мен кенжесі болған. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
Запира Аманжолова, облыстық ТЖД аға инженері:2018 жылғы бала өрт орнында қайтыс болды. Өрттің себебі анықталуда. Ағымдағы жыл басынан бері Ақтөбе облысы аумағында көлікте 63 өрт тіркелді. 2020 жылы 42 өрт алды. Оның ішінде жүкі көлігінде 15, жеңіл көлікте 44, автобуста бір және темір жолда бір.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00