Ақтөбе облысындағы дала өрті толықтай сөндірілді
Бірнеше тәуліктен бері ауыл тұрғындарын әуреге салған Ақтөбе облысындағы дала өрті толықтай сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы хабарлады.
Қызыл жалын Әйтекеби ауданындағы үш ауылдың аумағына таралған еді. Тек Талдық елді мекенінің маңында 15 мың гектарға жуық алқапты жалын шарпыған. Оқиға орнына жақын елді мекендердегі еріктілер мен өрт сөндіру бекетінің мамандары жіберілді. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.Ал,өрттен зардап шеккен 4 шаруа қожалығына мемлекеттік резервтегі жерлерден жайылымдық және шабындық алқаптар бөлінеді.
Марғұлан Аманбаев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:Таңғы сағат үште Әйтеке би ауданындағы Қайрақты округінде өрт толықтай сөнді. Әйтеке би ауданында және Қарабұтақта тұрған өрт сөндіру бөлімінің күштерімен және орман шаруашылығынан 72 адам, 34 техника қатысып, дала өрттерін сөндірді. Көбінесе далалық өрттер найзағайдан болып отыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға ережелерді күшейтеді
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00