Ақтөбеде үйінді астында қалып кеткен қызметкер қайтыс болды
Ақтөбеде кәсіпкерлерді қолдау қоры ғимаратының төбесі опырылып, үйінді астында қалып қойған қызметкер қайтыс болды. Көптеген жарақат алып, қабырғалары сынған 1988 жылғы азаматша жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тағы бір адам ауруханада. Ал бес адамды дереу жеткен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары құтқарып үлгерген. Оқиға кеше кешкі жеті жарымдар шамасында болған. Қазір нысан қоршаулы. Өйткені төбенің қалған бөлігінің құлап кету қаупі бар. Құтқарушылардың болжамы бойынша, төбе жабындысы ауыр құрылыс материалдарын көтере алмай қалған. Қазір тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр. Бұл ғимаратта кәсіпкерлерді қолдау қорынан бөлек тағы төрт мекеме қызметкерлері жұмыс істейді.
Айбат Жаңабергенов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:«Даму» кәсіпкерлік қорының 200 шаршы алаңында төбенің құлауы салдарынан хабарлама келіптүсті. Оқиға орнына ТЖД жедел құтқару бөлімінен 15 адам, 4 техникажұмылдырылды. Бұл жерде осы оқиға орнына келгенде құрылысшылар жұмыс істепжатқаны анықталды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға ережелерді күшейтеді
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00