Ойыл өзенінің бойында заңсыз салынған бөгеттер бұзылып жатыр
Мұндай бөгеттер өзен арнасының тартылып, құрғауына әкеп соқтыруда дейді мамандар. Су бойында 50-ден аса бөгет болса, оның тең жартысы рұқсатсыз салынған. Бұзылып жатқан мына бөгет Темір ауданы аумағында орналасқан. Бұл жұмыстар суармалы жерлерді қайта жаңартып, егін шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Бұрын Ойылға 120 миллион текше метрге дейін су келетін. Ал, былтыр бар боғланы 13 миллион текше метр ғана ағынды су жеткен. Ақтөбемен шекаралас Атырау облысының тұрғындары да бөгеттердің көптігінен су тапшылығын көріп жатқанын айтқан еді. Мамандар заңсыз салынған бөгеттерді бұзу жұмысы жалғасады деп отыр.
Азамат Жанболат, Темір ауданы әкімінің орынбасары:Аудан бойынша 24 бөгет анықталды. Ол бөгеттің біреуі коммуналдық меншікте. Құжаттары рәсімделген. Қалған бөгеттер бойынша тоғызының меншік иесі жоқ болуына байланысты әділет органдарына хат жіберген болатынбыз. Оның ішінде үшеуін қазір біз бұзып тұрмыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13