Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
Тарихи орындарға виртуалды экскурсия ұйымдастыру, балалар шығармашылығын қолдау, ауыл театрларын дамыту және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. «Әділет» партиясы жанындағы «Miras» республикалық кеңесінің алғашқы отырысында осындай ұсыныстар айтылды. Қатысушылар мәдени мұраны сақтау және Президент Жолдауында белгіленген міндеттер аясында ұсыныстарын білдірді. Әсіресе «Халықтық құрылыс» бағдарламасына қатысты пікір алмасты. Отырыс барысында кеңестің алдағы жұмыс бағыттары айқындалды. Енді мәдени мұраны сақтау, әдебиет пен өнерді қолдау және өңірлердегі мәдени бастамаларды дамытуға басымдық берілмек.
Жанарбек Әшімжанов, ҚР Құрылтайының депутаты:
Мемлекет басшысының Жолдауындағы келесі жылдан басталатын «Халықтық құрылыс» бағдарламасына қатысты, оның ішінде өңірлердегі мәдени нысандар, әлеуметтік нысандарға қатысты да арнайы тоқталған ағаларымыз оның бақылауын, қаржылық бақылауын, қаржылық тиімділігі және халыққа қолжетімділігіне қатысты өздерінің нақты ұсыныстарын жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы